Атырау, 21 желтоқсан 13:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Видеодан кейін балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды

4 485 рет қаралды


Алматыда Алатау ауданындағы №37 балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап. 

Меңгерушіні қызметінен босату туралы бұйрық бүгін, 4 мамырда шықты. "2019 жылдың 2 мамырында І кіші топтағы тәрбиеші құқық бұзушылық жасады. Баласының денесі көгергенін байқаған анасы 3 мамырда балабақшаның меңгерушісіне хабарласқан. Содан олар 2 мамырдағы жазбаны қарап шықты. Тәрбиешінің баланы ұрып-соққаны анықталды, - деген еді білім басқармасындағылар. Мұның алдында баланы ұрып-соққан тәрбиешінің жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын. "Тәрбиеші 3 мамырда жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісіне балабақшадағы бақылаудың нашарлағаны үшін сөгіс жарияланды. Алматы қалалық білім басқармасы мекеменің жұмысын қатаң бақылауға алды", - деп хабарлаған еді БҒМ өкілдері. Еске салайық, Желіде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видеоның таралғаны хабарланған болатын. Онда тәрбиешінің баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 мамыр 2019, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.