Атырау, 28 қараша 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ұлыбританияда жергілікті билік сайлауы басталды

2 359 просмотра


Ұлыбританияда жергілікті билік сайлауы басталды. Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы референдумдан кейін ел тұрғындары алғаш рет консервативті партиялар жұмысына байланысты ашық көзқарастарын білдіріп, басымдығы жоғары топтарға дауыс береді.   

Time басылымының хабарлауынша, төрт жылда бір рет өткізілетін сайлауда дауыс беру орындары жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының дауысы түнде, ал қалған бөлігі кешкі уақытқа дейін саналады. Дауыс беру қорытындысы Лондон уақыты бойынша кешке дейін жарияланауы тиіс. 

Бір жайт, Шотландия мен Уэльсте сайлау өткізілмейді. Биылғы сайлауда алты мэр, 248 жергілікті кеңес мүшелері мен Солтүстік Ирландия жергілікті кеңестерінің мүшелері, яғни жалпы саны барлығы 8 мыңнан астам кандидат тіркелген. Үміткерлердің жартысынан астамы консерваторлар тарапынан бақылауда. 

Елдің премьер-министрі Тереза Мэйдің Еуропалық Одақпен келіспеушілігі және Brexit келісіміне қатысты мәселелерді шешуде үкіметтің қабілетсіздік танытуына байланысты мемлекет бірнеше ай бойы саяси дағдарыс жағдайын бастан кешірді. 

Сол себепті, Консерваторлар алдағы сайлауларда бірнеше жергілікті кеңестерді бақылаудан айырылып қалуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Консервативтік партияның жергілікті кеңестегі басымдығы 20%-ға әлсірейді. Дегенмен, аталған партия өкілдері ремси мәлімдемесінде «қандай да бір орындардан» айырылып қалуға дайын екендігін айтқан. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

3 мамыр 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.