Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымықтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуінде Ресейдің алдағы уақытта Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларын күшейтетіндігі белгілі болды.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, ресми Мәскеу өзінің Орталық Азиядағы одақтастарын Ауғанстаннан келетін лаңкестік топтардан қорғау мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базадарын күшейтеді. «Төтенше жағдайларға дер кезінде жауап беру үшін біз Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларымызды күшейтетін боламыз. Бұдан бөлек Ресей Орталық Азиядағы одақтастарының армиясын модернизациялауға, әскери техникамен қамтамасыз етуге, тұрақты әскерді оқу-жаттығудан өткізуге көмектеседі» - деді Шойгу.
Дереккөз: qazaqtimes.com