Таиланд патшасы Маха Вачиралонгкорн (Рама Х) өз жасағы қолбасшысының орынбасары, 40 жастағы генерал Суттхида Ватчиралонгконға үйленді.
Патша сарайының бюросына сілтеме жасап РИА Новости хабарлағандай, 66 жастағы патшаның әйеліне тәж кигізу жорасы 4 мамыр күні болады. Некелесу салтанаты сәрсенбі күні Бангкок қаласында өтті. 66 жастағы монархтың үйлену тойында оның қарындасы Маха Чакри Сириндхон ханшайым мен Таиландтың бұрынғы премьер-министрі, Құпия патша кеңесінің басшысы, 98 жастағы генерал Прем Тинсуланон куәгер болды.
Некелесу салтанатынан соң монарх арнайы жарлықпен Суттхиданы патша әулетіне жатқызып, Таиланд патшайымы деп атады.
Таиландтың жаңа патшайымы Суттхида Ватчиралонгкон На Аюттхайя бұрын Thai Airways International әуе компаниясының стюардессасы болған. 2014 жылы Маха Ватчиралонгкон патша, ол кезде Таиландтың тақ мұрагері, Суттхиданы жеке күзет қызметінің басшысы етіп тағайындады. 2016 жылы болашақ патшайымға Таиландтың құрлықтағы әскерінің генералы атағы берілді.
Дереккөз: sputniknews.kz