Атырау, 28 қараша 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Эстония министрі қызметке тағайындалған күннің ертесіне оставкаға кетті

2 380 просмотра


29 сәуір күні Эстонияның сыртқы сауда мен IT министрі болып тағайындалған Марти Куузик бір күннен соң, 30 сәуірде қызметіне кетті. Бұл туралы "Делфи" басылымы хабарлады. Куузик үкіметке иммиграция мен бір жыныстылар арасындағы некеге қарсы болған консервативтік әсіреоңшыл ЭКРЕ партиясының атынан кірген.

Биыл наурызда Эстонияда өткен парламент сайлауында 17,8 пайыз дауыс жинаған ЭКРЕ партиясы парламенттен бұрынғыдан екі есе көп орын алған. Екінші рет парламентке кірген партиядан бес министр тағайындалып, ЭКРЕ үкіметтегі басым топтың біріне айналды.

29 сәуірде Eesti Ekspress газеті Куузиктің "ішімдікке салынғаны мен бұрынғы әйеліне жылдар бойы қорлық көрсеткені" туралы мақала жариялады. Басылым "министр әйелін бірнеше рет соққыға жығып, екі жыл бұрын ажырасқан, ал былтыр қаңтарда оның қолын сындырған" деп жазды.

Айыптардың бәрін жоққа шығарған Куузик мұны "саяси қарсыластарым ұйымдастырып отыр" деп мәлімдеді. Министрдің бұрынғы әйелі әуелде журналистермен сөйлесуге келіскенімен, артынша газет мақаласын "министрді қаралау" деп атап, сұхбат беруден бас тартты.

29 сәуірде Эстония президенті Керсти Кальюлайд Куузикті министр қызметіне тағайындау рәсімі кезінде қарсылық ретінде залдан шығып кеткен соң, Куузик бос орынға бас июге мәжбүр болды.

Сайлауға дейін Куузик пен бұрынғы әйелі қайта қосылғандарын мәлімдеген. Басылымдарда айтылған тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының рас-өтірігін полиция мен прокуратура тексеріп жатыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 мамыр 2019, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.