Атырау, 28 қараша 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оңтүстік Корея Қытайда тұтқындалған Солтүстік Корея азаматтарына пана сұрауда

2 786 просмотра


Оңтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау ұйымы солтүстік кореялықтарға араша түсті. Оңтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау ұйымы мәлімдеме жасап, жақында Солтүстік Корея шекарасынан қашып өткен 7 адамның Қытайда тұтқынға алынғанын, Қытай үкіметі бұл тұтқындарды Солтүстік Корея қайтарып беруі мүмкін екенін айтты. 

Аталған ұйым сондай-ақ,  Солтүстік Корея шекарасын бұзушылар еліне қайтарылса оларды ауыр жазалардың күтіп тұрғанын, сондықтан да Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінен бұл іске араласуын талап еткен. Дүйсенбі күні Оңтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау ұйымы «Корей Әділет бірлестігі» солтүстік кореялық жеті адамның сәуірдің бас шенінде Қытайдың Шыняң қаласының маңында тұтқындалғанын, арасында 9 жастағы қыз баланың да бар екенін мәлімдеді. Аталған ұйым Қытайда ұсталған Солтүстік Корея азаматтарын еліне қайтармау және босқын мәртебесін беру турасында Сеул тарабының араласуын үміт еткен. 

Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігінің хабарына қарағанда, Оңтүстік Корея СІМ тарабы бұл хабарды алғаннан кейін Бейжің және Шыняң тарабымен байланыс орнатқанын мәлімдеген. Ал, елдегі адам құқығын қорғау ұйымы болса, халықаралық балаларды қорғау конвенциясына сәйкес шекара бұзушыларды күштеп еліне қайтаруға жол бермеуді халықаралық қауымдастықтан талап еткен. Оңтүстік кореялық ұйымның талабына сәйкес, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссия бұл мәселеге баса назар аударатынын білдірген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

30 сәуір 2019, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.