Атырау, 28 қараша 04:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресейдегі саяси тұтқындар саны 230-дан асты

2 966 просмотра


Бұл – Ресей президенті Владимир Путин бастаған ел билігінің барлық жаңа бағыттарды қылмыстық қудалау объектісіне айналдыратын заңнамалық актілер енгізуінің салдары. Бұл туралы америкалық Perseus Stategies заң компаниясының 29 сәуірде жариялаған есебінде айтылады. Құжатты дайындауға қатарында "Мемориал" да бар бірнеше құқық қорғау ұйымы қатысқан.

Есепте оппозициялық саясаткерлер мен азаматтық белсенділердің, діни және ұлттық азшылықтардың, ЛГБТ белсенділер мен Украина азаматтарының, украинашыл белсенділердің қудаланатыны айтылады. Ұйым "Кремль өз әрекетінің жазасыз қалмасын білуі үшін" Ресейдегі қудалауға жауапты азаматтарға жан-жақты санкция қоюға шақырады.

Баяндама авторлары бейбіт жиын өткізгендерді қылмыстық не әкімшілік жауапқа тартатын 2012 жылы қабылданған "репрессиялық заң" туралы жиі айтады. "Діндарлар сезімін қорлау", жастар арасында "гомосексуализмды үгіттеу", сепаратизмге шақыру, "Екінші дүниежүзілік соғыстағы СССР рөлін мансұқтау" сияқты айыптар да қудалау құралдары ретінде көрсетіледі.

Саяси тұтқын ретінде ЮКОС компаниясының бұрынғы қызметкері, өмір бойына түрмеге жабылған Алейсей Пичугин, украиналық режиссер Олег Сенцов пен "Открытая Россия" белсендісі Анастасия Шевченко аталады.

Есеп авторларының пайымдауынша, Ресейде саяси себеппен – 54, діни мотивпен 182 адам қудаланады. Діни себеппен қудаланатындар көбіне Ресейде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" мен "Иегова куәгерлері" ұйымдарының мүшелері.

Дереккөз: Азаттық радиосы 

30 сәуір 2019, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.