
Алдағы мамыр мерекелері қарсаңында (Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні) қосымша пойыздар мен вагон тіркестерін іске қосатынын туралы хабарлайды, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.
Екі бағыт бойынша қосымша пойыз:
№205/206 «Алматы-2-Түркістан» бағыты бойынша Алматы-2 ден 2 және 9 мамыр күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 3 және 10 мамыр күндері.
№207/208 «Ақтөбе-Бейнеу» бағыты бойынша Ақтөбеден 30 сәуір, 2, 4, 7 және 9 мамыр күндері, ал Бейнеуден сәйкесінше 1, 3, 5, 8 және 10 мамыр күндері.
Қала маңы тасымалы бойынша бір бағыттағы №7510 «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар» пойызы Нұр-Сұлтан-1 ден 8 мамыр күні жөнелтіледі.
Сонымен қатар алдағы мамыр мерекелеріндегі сұранысты ескере отырып жолаушы көп жүретін бірқатар бағыттарға қосымша вагондар тіркеледі.
Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан ала аласыздар (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).
В Атырау 0