Атырау, 23 желтоқсан 01:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда актер Джеки Чанмен кездесті

2 712 рет қаралды

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне сапары барысында актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы ҚР Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кезді», - деп жазған А.Үкібай жүздесу барысында түсірілген фотосуретпен бөлісті.   Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған болатын. Елбасы шараның салтанатты ашылуы барысында сөйлеген сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алғашқы, табысты жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ аталмыш бастама арқылы Еуразия құрлығы қайта бірігіп, екі мың жыл бұрынғыдай бір арнаға тоғысқанын айтты. Ал форум сессиясында Елбасы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы сөз сөйлеп, жаңа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды.   

Дереккөз: inform.kz

 

28 сәуір 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.