Атырау, 23 желтоқсан 01:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

2 609 рет қаралды


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды  Ақорда.

 Құрметті отандастар! Барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді. Дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сондай-ақ, барлық этностар мен конфессиялар өзара сыйластықта өмір сүруде. Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді. Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын!


 

28 сәуір 2019, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.