Атырау, 23 желтоқсан 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әміржан Қосанов ОСК-ға құжаттарын тапсырды

3 235 рет қаралды


"Ұлт тағдыры" қозғалысы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған саясаткер Әміржан Қосанов сәуірдің 27-сі күні таңертең орталық сайлау комиссиясына (ОСК) барып, құжаттарын тапсырды.

"Орталық сайлау комиссиясы құжаттарымды қабылдады. Ешқандай ескерту айтқан жоқ. Құжаттарды тексеріп, екі күннің ішінде жауабын беретінін айтты. Сосын дүйсенбі сағат 11:00-ге мемлекеттік тіл сынағына шақырды" деді Әміржан Қосанов Азаттық тілшісіне.

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында Қосановтың құжаттарын өткізгені туралы ақпарат әзірге шықпады.

Бүгін, 27 сәуірде Қазақстан коммунистік халық партиясы ұсынған үміткер Жамбыл Ахметбековтің мемлекеттік тіл сынағын тапсыратыны хабарланған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 сәуір 2019, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.