Атырау, 23 желтоқсан 01:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Елімізде тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдері жабылып жатыр

2 620 рет қаралды


Ішкі істер министрлігіне қарасты тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдерінің барлығы 1 шілдеге дейін жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілмек. Қазір мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті және нөмірді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру бойынша арыздар қабылданады. 

Полиция қызметкерлері өз кезегінде тәжірибелік және теориялық емтихандарды қадағалап, қорытынды береді. Енді бұл қызметтер де «Азаматтарға арналған үкіметке» жүктеледі. Нәтижесінде ұзын-сонар кезектер жойылады. 

Мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдейді. Жемқорлыққа жол берілмейді деп күтілуде.

Дереккөз: 24.kz

27 сәуір 2019, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.