Атырау, 19 тамыз 11:29
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда домбыра фестивалі өтеді

7 308 рет қаралды


Атырауда 26-28 сәуірде халықаралық «SazPerneliSaraishyq» домбыра фестиваль-байқауы өтеді. Бұл туралы брифингте жоба авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА хабарлады.

- Кең ауқымды шараға 12 елдің, атап айтқанда, Иран, Индонезия, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысады. Фестивальға 35-тен жоғары жастағы отандық музыканттар қатыса алады. Шетелдік қатысушылар үшін шектеу жоқ, - деді А. Үлкенбаева.

Фестиваль 26 сәуірде сағат 20-да Сұлтан Бейбарыс алаңында ашылады. 27 сәуірде сағат 15-те шетелдік меймандардың қатысуымен концерттік бағдарлама басталады. Ал 28 сәуірде сағат 20-да Ретро-паркте фестивальдың жабылуы мен гала-концерт болады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

24 сәуір 2019, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.