15-22 сәуірде Атырау облысында 60 қылмыс жасалды, оның 56-сы облыс орталығында болған. Қылмыстық хроникада ұрлық (32) пен алаяқтық (9) көш бастап тұр. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің «Қаруды заңсыз жасау» деп аталатын ерекше 288-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаларға келер болсақ, әлеуметтік желілерде Атырау әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВТЫҢ қызметтік көлігі жасаған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы назар аудартты: әкімдіктің Skoda Octavia көлігі мен Toyota RAV 4 көлігі соқтығысқан. Мемлекеттік көлік қалпына келмеуі мүмкін, ал жүргізушіге медқызметкердің көмегіне жүгінуге тура келген.
«АЖ» сұранысына қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі былай түсінік берді: «Жол-көлік оқиғасы сенбіде, 20 сәуірде күндіз болған. Қызметтік тергеу басталды. Тергеу барысында неліктен жүргізушінің демалыс күні қызметтік көлікті жүргізгені анықталады. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлілерге қатысты тигізілген зиян қалпына келтіріліп, жұмыстан босатуға дейін шаралар алынады. Бұдан басқа, қала әкімі аппаратының басшысына қызметтік көліктің пайдаланылуына бақылауды күшейту тапсырылды».
Баспасөз қызметі қызметтік көліктің екі ай бұрын осы лауазымға тағайындалған Атырау әкімінің орынбасары Ж. Қаражановқа тиесілі екенін растады:
- Алайда көлікте әкім орынбасарының өзі болған жоқ. Бұл уақытта ол басқа қалада іссапарда болды.
Фархат ӘБІЛОВ
Куәгерлер түсірген бейнежазба