Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзбекстанда қыз балалар үшін отбасын құру жасы 1 қыркүйектен бастап ұзартылады

2 490 просмотра


Өзбекстанда қыз балалар үшін отбасын құру жасы 1 қыркүйектен бастап ұзартылады, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).

«2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерлер үшін де, әйелдер үшін де отбасын құру жасы 18 жас болады»,- деп хабарлады Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Хабарда атап өтілгендей, жігіттер мен қыздар үшін отбасын құру жасы теңестіріледі. 

Ведомство ақпарынша, президенттің «Бала құқығына кепілдікті ары қарай күшейту жөнінде қосымша шаралар туралы» жарлығы қабылданған. 

Еске салсақ, қазір қолданыстағы заңнама бойынша (Отбасы кодексінің 15б.) Өзбекстанда қыздарға 17 жастан бастап, ер балаларға 18 жастан бастап отбасын құруға рұқсат берілген. 

Дереккөз: ҚазТАГ

23 сәуір 2019, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.