Атырау, 25 қараша 01:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкім орынбасары табиғаттың «тосын сыйы» үшін кешірім сұрады

4 692 просмотра
Шәкір КЕЙКИН
Атырауда 17-18 сәуірдегі қолайсыз ауа райының салдары және оларды жою үшін қандай шаралар атқарылғаны жөнінде қала әкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН мен коммуналдық қызметтердің өкілдері брифингте айтып берді.

- Күшті нөсер қарға айналды, қатты жел тұрып, қалада қиындықтар тудырды. Электр желілері үзіліп, жертөлелер суға кетті, жеке үулердің аулаларын су басты. Жедел штаб құрылып, бүкіл коммуналдық қызметкерлер тәулік бойына жұмыс жасады. Олардың барлығына алғыс хат табыс етіледі, - деді Кейкин.

Оның айтуынша, бұл күндері суды тартып шығару үшін 60 бірліктен астам вакуум техникасы мен электриктердің 30 бригадасы жұмылдырылған. Олар аз уақыт ішінде бүкіл коммуникацияны жұмыс жағдайына қайтарды. Қала бойынша 30 мың текше метр су тартып шығарылды.

«АЖ» сауалдары:

- Неліктен мұның алдында ТЖД немесе «Қазгидрометтен» хабарлама келмеді? Әдетте олар мұндай жағдайда «дауылды ескерту» туралы хабарлама тарататын еді ғой. Қалада электрмен қамту бойынша проблемалар көп болды. Демек, ол табиғаттың тосын сыйларына дайын емес болғаны ғой?

- Жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталды. Бізде алдағы ауа райының қолайсыздықтары туралы ақпарат болған жоқ. Егер болса, жылумен қамтуды бірнеше күнге ұзартар едік, - деді Кейкин. – Бірақ қала мұндай жағдайға дайын емес дегенмен келіспеймін. Бүкіл мекеме күшейтілген режиммен жұмыс істеді, жер-жерде жұмыстар жасалды. Осындай қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймын. Бірақ біз табиғат құбылысына әмір ете алмаймыз.

Ғабиден ҚАНАТОВ

«Атырау Жарық» АҚ қалалық электр тарату жүйесінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВ та болған жағдайды форс-мажор деп қабылдауды өтінді:

- Электр жарығы болмады, жоғары вольтты желілерді қалпына келтіру үшін уақыт керек, ал бұл оңай емес. Талқайраңдағы, Жұмыскердегі, Бесіктідегі және Сарықамыстағы бағаналар құлады. Ең алдымен ауруханаларды, балабақшаларды, содан кейін ғана тұрғын үйлерді қостық. Бізге де неліктен екені белгісіз, ТЖ-дан ескерту келмеді. Ал «Қазгидрометтің» өзі сол күндері жарықсыз отырды. 15-16 сағат ішінде Атырауда және қала маңында энергиямен қамту жүйесі қалпына келтірілді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімінің орынбасары мұндай жағдайда «запасқа» көп қылып қосымша арнайы техниканы ұстауға мүмкіндіктері жоқ екенін айтты. Бұған қажеттілік те жоқ, өйткені қолда бар техникамен де осы жұмыстарды атқара алады.

- Төбелерінен су аққан немесе жертөлелері суға толған үй тұрғындарына көмек қарастырылған ба?

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 31- және 35-баптарында көрсетілгендей, ортақ мүлікті (жертөле, инженерлік жүйелер, подъездер, шатыр) пәтерлердің меншік иелері кондоминиуммен бірлесіп жөндейді. Сондықтан зиян салдарын тұрғындардың өздері жоюы тиіс, - деді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Қайрат Қабиев.

«АЖ» өткен жылдың шілдесінде аптап ыстық салдарынан коммуналдық төтенше жағдай болып, қаланың жарықсыз отырған кезін еске салып, биылғы жазда тағы қайталанбайды ма деп сұрады. Өйткені биыл да өте ыстық болуы мүмкін.

- Қайталанбайды деп ойлаймын, - деп қысқа жауап берді Ғ.Қанатов.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

23 сәуір 2019, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.