Атырау, 19 сәуір 08:12
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Беларусь ресейлік мұнай өнімдерінің экспортын тоқтатты

3 071 просмотра


Беларусь ресейлік мұнай сапасының төмен болуынан Польша, Украина мен Балтық елдеріне жанармай мен дизель отынының экспортын тоқтатты. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне Беларусь мұнай компаниясы (БНК) бас директорының орынбасары Сергей Гриб хабарлаған.

19 сәуірде "Белнефтехим" концерні Ресейден келетін мұнай сапасының күрт нашарлап кеткенін мәлімдеген. Мұнан соң Беларусь басқа елдерге жіберілетін мұнай өнімдерін азайтқан.

22 сәуірде Мозыр мұнай өңдеу зауыты сапасыз шикізаттан қымбат бағалы құрылғылардың істен шыққанын хабарлады.

Мұнай Беларусь шекарасынан 1500 шақырым жердегі Самара облысында ластанғаны анықталды. Ресей энергетика министрлігі жөнелтіліп жатқан мұнай сапасы таяу арада қайта қалыпқа келетінін айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

23 сәуір 2019, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.