Атырау, 28 наурыз 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Иран мен Пәкістан бірккен күш құруы мүмкін

2 059 просмотра


Иран мен Пәкістан экономика, инфрақұрылым және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. 

Бұндай келісім кеше Иран орталық қаласы Теһранда өткен екіжақты жоғары деңгейдегі кездесуде жасалды. Пәкістан премьер-министрі Ирман Ханның Иран сапары кезінде екі ел үкімет басшылары кеңейтілген кездесуде бірқатар жаңа келісімдерді жаңартты. Иран президенті Хасан Рухани Иран-Пәкістан қатынасы туралы айта келе, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін өзге елдердің араласуына жол қоймау керектігін баса айтты. Иран-Пәкістан арасында трансшекаралық терроризммен күрес жөнінде келісім жасалды. Иран президенті екі ел шекаралық мәселелерді жедел шешетін және қауіпсіздікті сақтайтын біріккен күш құруды ұсынды. Пәкістан тарабы да Иранды терроризмге қарсы күресте қолдайтынын білдірді.

Дереккөз: qazaqtimes.com


23 сәуір 2019, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.