Ықтимал іс өкілдер палатасын бақылайтын демократтар мен өзінің салық декларациясын жария етуді қаламайтын президент арасындағы көп даудың біріне айналмақ. Трамп шағымында "салық құжаттарын сұратудың еш негізі жоқ, бұл - президентке саяси зарар келтіру ұмтылысы" деп жазылған.
Мэриленд штатынан сайланған демократ Каммингс Трамптың қаржы құжаттарымен айналысып, президент корпорацияларының есебін жүргізетін Mazars USA бухгалтерлік компаниясынан құжаттарды талап еткен. Каммингстің сөзінше, Трамп адвокаттарының шағымы "негізсіз" және арызда "бұлыңғыр дерек көп".
Трамп адвокаттары Каммингсті "құжаттарды талап етпей тұрып, өкілдер палатасындағы республикашылдармен кеңеспеді, құжат сұратуға негіз ретінде АҚШ конгресіне жалған түсінік бергенін мойындаған Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэннің сөзіне ғана сүйенді" деп айыптайды.
Коэн қазір Мәскеудегі жылжымайтын мүлік бойынша Трамптың аты аталатын іс жайлы жалған түсінік бергені үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Басылымдар жазуынша, Ақ үйдің конгресс үстінен арыз түсіруі - Дональд Трамп пен президент әкімшілігіне қатысты тергеуді жиілеткен өкілдер палатасына берген жауабы.
Дереккөз: Азаттық радиосы