Шри-Ланка астанасы Коломбо да тағы да жойқын жарылыс болды. Жарылғыш зат шіркеудің қасында тұраққа қойылған шағын автобуста жасырынған.
Оны саперлар тауып, көзін жоймақ болғанда жарылып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін аралда Пасха мейрамын тойлау кезінде бірден 8 жарылыс болған еді. Салдарынан 290 адам көз жұмып, 500-ден астамы жарақаттанған болатын. Жеті жағдайда жанкештілер өзін өзі жарып жібергені анықталды. Қанды шабуылдан 35 шетелдік азамат қаза тапты.
Арасында қазақстандық азаматтар жоқ. Бүгінде жантүршігерлік террорлық әрекетке қатысы бар деген күдікпен 24 адам тұтқындалды. Әзірге бұл қылмысқа қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Дереккөз: 24.kz