Атырау, 28 қараша 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Британдық БАҚ: Зеленский Путиннің тұзағына түсіп қалуы мүмкін

2 250 просмотра


Кеше, 21 сәуірде Украинада президенттік сайлау өткені белгілі.  Бүкіл әлемнің назарын аудартқан сайлауда шоумен Владимир Зеленский  73,18 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. 

Осы орайда, бүгін британдық газеттер Украинада кешегі өткен сайлауды қорытындылап, украиналық саясаттанушылар мен жаңа президент кампаниясының өкілдерінен  Зеленскийдің алдағы жоспарлары мен Украинаны не күтіп түрғандығы жайында алған сұхбатын жариялады. Times газетінің жазуынша, жаңа президент Зеленскийдің тұсында Украина Батысқа жақындай түседі. Яғни, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да еуропалық елдермен байланысын одан әрі нығайта түспек. Сондай-ақ, аталған газет бұған дейін Зеленскийдің Мәскеумен қандай да бір байланысы бар екендігін дәлеледейтін ақпараттың жарыққа шықпағанын да атап өткен. Ал, Зеленский кампаниясының жетекшісі Иван Баканов аталған газетке берген сұхбатында, америкалық щенеуніктер жаңа билік жемқорлықпен күресіп, оң нәтиже көрсеткен жағдайда халықаралық қолдауға ие болатынын айтқан. Иван Баканов осыдан үш апта бұрын АҚШ-та болып, америкалық шенеуніктермен кездескен еді. Сондай-ақ, Зеленский сайлау штабының өкілі Дмитрий Разумков жаңа президенттің ЕО пен НАТО-ға мүше болуға референдум өткізбекші екендігін жеткізген. Сонымен бірге, оның айтуынша, Украинаның Кремльмен жұмыс істемеуі мүмкін емес. Алайда, Киев АҚШ пен Ұлыбританияның "Норман Төрттігіне" қосылуын сұрайтын  болады. Бұған әлбетте Мәскеу тарапы қарсы болмақ, деді ол. "Егер осыған дейін әлем Ресейдің қалауын жасаған болса, бүгінгі күні оның танкілері Ла-Манш-та тұрушы еді",- деп қортындылады ол Times-қа берген сұхбатын. Ал, өз кезегінде украиналық саясаттанушы Владимир Фесенко Times газетіне берген пікірінде, Мәскеумен байланыс емес, жаңа презиеденттің саясаттағы тәжірибесіздігі проблема болуы мүмкін екенін айқан. Ол: "Саясаттағы тәжірибесіздігінен Зеленский Путиннің тұзақтарына түсіп қалуы бек мүмкін"деп алаңдаушылық білдірді. Ал, "Daily Telegraph" газетіне берген сұхбатында Петр Порошенконың президенттік сайлаудың екінші айналымында жеңіске жете алмайтынын білгендігін, сондай-ақ, оның биылғы жылдың қазан айында өтетін парламенттік сайлауға қатысып, кек алмақшы екенін атап өткен.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

22 сәуір 2019, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.