Атырау, 25 қараша 01:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұтыну нормасы көтеріле ме?

2 735 просмотра


ҚР Бас прокуратурасы монополияға қарсы қызметке бүгінде бекітілген электр энергиясын тұтыну шамасының негізді екеніне талдау жасауға нұсқау берді. Әңгіме тұтынудың жоғарғы деңгейі мен одан кейін есептелетін жоғарғы тариф (2-деңгей) туралы болып отыр. Прокуратура бұл деңгейді тұтынушылардың пайдасына көтеруге мүмкіндік бар екенін жоққа шығармайды.

Атырау облысында бүгінде газ плиталарын пайдаланатын (9 қабатты үйлерді қоса алғанда) жеке тұлғалар үшін (әрі кеткенде айына 90кВтсағат тұтынған кезде) 1-деңгей тарифі - 4,37 теңге/кВтсағат. Ал одан көп тұтынса, жоғары тарифпен есептеледі. 

Осы мәселеге қатысты кеңесте «Атырау Энергосату» ЖШС өкілі кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін болғандықтан тұтынудың қазіргі нормасын көтермеуді өтінді.

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Жанар ДӘРІБАЕВА хабарлағандай, Қазақстанда электр тұтынудың келесі нормалары қолданыста екен. Газ плиталарын қолданатын тұрғындар үшін: Қостанай облысында – 100 кв/сағат, Атырауда – 90, Жамбылда – 80, қалған облыстарда – 70 кв/сағаттан.

Электр плиталарын қолданатын тұрғындар үшін (9 қабаттан жоғары үйлер): Қостанай облысында – 130 кВт/ч, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында - 110, Ақмола, Жамбыл облыстарында – 100, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында – 90 кв/сағат. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 сәуір 2019, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.