Атырау, 29 наурыз 10:44
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​АҚШ 8 елге Иран мұнайын импорттауға тыйым салды

3 831 просмотра


Вашингтон 8 елге Иран мұнайын импорттауға тыйым салды. Олай болмаған жағдайда бұл елдерге АҚШ-тан санкциялар салынатын болады. Бұл жаңалық Washington Post газетінде жарияланды.

Қазірдің өзінде Грекия, Италия мен Тайвань Ираннан мұнай сатып алуды мүлдем тоқтатты. Енді қалған 5 ел мамырдың екісіне дейін импортты барынша қысқарту керек. Ал Сауд Арабиясы мен Бірікке Араб Әмірліктері болса, бұл елдерге шығынның орнын толтырамыз деп бекініп отыр. 

Естеріңізге салайық, өткен жылдың қараша айында Құрама штаттары Иранның қара алтынына кезекті санция салған болатын. Оған АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығуы себеп болды.

Дереккөз: 24.kz

22 сәуір 2019, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.