Атырау, 28 қараша 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ресей Сирия портын 49 жылға жалға алды

2 170 просмотра


Ресей Сирия портын 49 жылға жалға алды. Ресей Федерациясы Сирияның Тартус портын 49 жылға алды. Бұл жөнінде Ресей вице премьері Юрий Борисов Сүрия президенті Башар Асадпен болған кездесуден кейін мәлімдеді.

«Біз бір апта ішінде келісім шартқа қол қоямыз деп үміттенеміз. Осыдан кейін порт 49 жылға Ресейдің пайдалануына өтетін болады» - деді Борисов журналистер алдында сөйлеген сөзінде. Ресей вице-премьерінің сөзінше, аталмыш келісім 2018 жылдың желтоқсан айында өткен мемлекетаралық комиссия отырысында қабылданған. 

Сирияның Тартус портына 49 жылға Ресейдің материалдық-техникалық базасы орналасатындығы жөнінде 2017 жылы белгілі болған. Ал аталмыш аймақта Ресейдің әскери-теңіз күштерінің базасы ашылатындығы жөнінде 2016 жылы айтылған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

22 сәуір 2019, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.