Атырау, 29 наурыз 10:57
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 262 адамға жетті

2 727 просмотра


Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 262 адамға, ал зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости  News 1st телеарнасына сілтеме жасап.

Мұның алдында жарылыстан 215 адамның қаза тауып, 450 адамның зардап шеккені хабарланған еді. 

Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар.

Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады.

Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. 


Дереккөз: tengrinews.kz

22 сәуір 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.