Украинада бүгін президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. 18 сәуірде жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы сайлаушылардың 57.9 пайызы - әртіс Владимир Зеленскийге, 21.7 пайызы қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс беруге дайын екенін көрсеткен.
19 сәуірде Киевтегі стадионда президенттіктен үміткер Владимир Зеленский және Петр Порошенко дебат өткізген. Дебатты тікелей эфирден Украина телеарналары, сонымен бірге ресейдің федералдық арналары да көрсетті.
31 наурызда Украинадағы сайлауда Зеленский - 30 пайыз, Порошенко - 15 пайыздан астам дауыс жинап, сайлаудың екінші кезеңіне өткен. Сайлаудың бірінші кезеңіне жалпы 39 үміткер (35 ер адам, 4 әйел) қатысты. Олардың арасында Украина парламентіндегі "Батькивщина" фракциясы жетекшісінің орынбасары Юлия Тимошенко да болған.
Дереккөз: azattyq.org