Атырау, 28 желтоқсан 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сарбаздың бір күні

3 811 просмотра

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Әскер - балалар көзімен» деп аталатын әскери-патриоттық акция болып өтті. Екі жүздей мектеп пен колледж оқушылары әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың тіршілігімен жете танысты.

 

 

ЖАТТЫҒУ, КРОСС, ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

Акцияның негізгі мақсаты қарулы күштерді насихаттау және әскери мамандықты дәріптеу, - деді шара басталар алдында Батыс өңірінің әскери прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы Сейіткамал ӘБДІРАХМАНОВ. Балалар сарбаздың әр күні қалай өтетінін өз көздерімен көре алады.

Әскермен танысу алаңда басталды. Оқушылар алдымен сарбаздардың саптық даярлығын тамашалады. Әрі қарай қызықтырақ болды. Барлау батальонының жауынгерлері алаңда қоян-қолтық ұрыс пен қару пайдалана білу әдістерін көрсетті. Содан кейін бәрі сарбаздар үнемі жаттығатын кедергілер алабына ауысты. Бастапқыда әскери қызметтегілердің өздері кедергілерден өтіп, содан соң жас меймандарға орын берді. Өз күшін сынап көрмекші болғандар жеткілікті болды.

Бронежилет кию, қолға автомат ұстап, шынайы автоматпен оқ ату, берілген тапсырманы орындаудың өзі керемет. Бұл оңай болмаса да, мен өзімді нағыз сарбаздай сезіндім,- деп мойындады оқушылардың бірі.

Меймандарға әскери қызметтің тән мен жанды шынықтырып отыратын физикалық күш екендігін хабардар етті.

Күн сайын біздің сарбаздар жаттығу жасап, таңертеңгі уақытта үш шақырымнан кем жүгірмейді және апта сайын 10 шақырым қашықтыққа дейін марш-жүгірісті жүзеге асырады, – деп әңгімеледі әскери қызметшілердің бірі болашақ әскер қатарына шақырушылардың арасында ұйымдастырылған тартылу сайысы басталар алдында. – Тартылу нормативтері мынадай: 11 рет тартылса – үздік,9 рет – жақсы,5 рет – қанағаттанарлық деп бағаланады. Ал әрі қарай жүк салмағы арта берді.

 

ҚАРУҒА ЕПТІЛІК КЕРЕК

Балалар жауынгерлер өз казармаларын көрсете бастағанда оларды сұрақтың астына алды:

– Жауынгердің таңертең бірнеше секунд ішінде киінуге тиіс екендігі рас па?

– Бірнеше демей-ақ қояйық, бірақ 45 секундта үлгеруі тиіс.

– Ал егер біреу-міреу үлгермесе ше?

– Ондай болмайды, бәрі үлгереді,– деп мырс етті «экскурсия жасаушылар». Балалар үшін ең қызығы қарумен және ұрыс техникасымен танысу болған шығар. 1500 метрге дейінгі биіктікте әуедегі нысананы, сондай-ақ, қарсыластың тірі күші мен 2 шақырымға дейінгі қашықтықта жеңіл брондалған машинаны жою мақсатына арналған 23 миллиметрлік зеңбірек қондырғысы ерекше  дүрлігіс туғызды. 

Қарумен танысу Калашников автоматын жинау-бөлшектеу сайысымен аяқталды. Айта кетелік, сарбаз мұны 50 секунд ішінде жасап үлгеруі тиіс. Оқушылар керемет нәтиже көрсетпегенмен, бастауыш әскери дайындық сабақтарында жаттығуға уәде берді.

Меймандар, сондай-ақ, санаулы секундтарда байланысшы сарбаздардың көшпелі байланыс стансасын құрғанын көрді.

Танысудың соңы асханада аяқталды, ол жерде балалар сарбаз ботқасынан ауыз тиді.

Бұл жерде керемет болады деп ойламаппын. Бұрын әскердегі сарбаз өмірін «Солдаты» телехикаясында теледидардан ғана көрген едім. Енді фильмдегінің бәрі сандырақ екендігін түсіндім. Бұл жерде бәрі басқаша, бәрі шынайы. Мектептен кейін міндетті түрде қызмет етуге барамын, – деді №1 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерінің бірі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2012, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.