Атырау, 8 желтоқсан 11:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

15 миллиард теңгелік жобалар

4 282 рет қаралды


19 сәуірде өткен Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясында екі маңызды мәселе қаралды: қаржы басқармасының «Атырау қаласын көгалдандыру» және «Жол-көлік оқиғаларын фото және бейнекамералар арқылы тіркеу жүйесін ұйымдастыру мен қолдану» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауы туралы. Екі мәселе де қомақты қаржыны қажет етеді.

Көгалдандырумен «Каспийдормостострой» ЖШС айналысады. Компания 5 жыл бойы гүлзарларды, жеміс-жидек дақылдары бар бақшалар егуге, саябақ жасыл желектеріне күтім жасап, жас ағаштар отырғызуға қаржы жұмсайды. Облыстық қаржы басқармасы оған жұмсалған қаржыны өтейді. Жоба құны 4 млрд 696 млн теңге деп бағаланып отыр.

«Көркем Телеком» ЖШС бейнекамералармен айналысады. Бұл жоба құны 10 млрд 43 млн теңге тұрады.

Сонымен қатар, депутаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Мұхамбетжан САПАРОВҚА «Атырау облысының құрметті азаматы» атағын беру үшін бірауыздан дауыс берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Анастасия АЛЮШИНА

20 сәуір 2019, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.