Еуропа парламенті ЕО елдерінің жаңа визалық кодексін бекітті, деп хабарлайды Нandelsblatt.com.
Қазіргі уақытта Шенген аймағына кіру үшін 100-ден астам елдің азаматтарына виза ресімдеу қажет. Соңғы бірнеше жылда виза алуға тапсырылған өтініштердің көлемі 50% артқан. Осы ретте Еуропалық Одақ құрамына енбейтін жүзден астам мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі мен шарттарына өзгерту енгізіледі. Тоқсан күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларға өтінім жолдау және оларды беру процедуралары жеңілдетіледі.
Еуропарламент хабарламасында айтылғандай, өзге мемлекеттермен миграция саласындағы ынтымақтастық құру мақсатында виза беру жеңілдетіледі. Аталған құжат бойынша виза алуға өтініш сапар жоспарланған күнге дейін алты ай ішінде (қазіргі үш айдын орнына) және кем дегенде 15 күн бұрын берілуі тиіс. Визаның құны 60 еуродан 80 еуроға қымбаттады. Дегенмен, ғалымдар мен студенттер бұрынғыша визалық алымнан босатылып, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 6 жасқа дейінгі балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылады. Визалық саясатқа енгізілген өзгерістерге қатысты Болгарияның премьер-министрі Валентин Радев: «Көші-қон процестерін тиімді басқару келуге қақысы жоқ азаматтарды қайтаруымызға мүмкіндік береді. Визалық кодекстің жаңа ережелері өз азаматтарын қайтарғысы келмейтін үшінші жақтағы мемлекеттерге жауап қайтару үшін тағы бір тетік береді», – дейді.
Енді Еуропа парламенті ұсынған жаңа ережені ЕО Кеңесі бекітсе, алты айдан соң күшіне енеді.
Дереккөз: qazaqtimes.com