Атырау, 28 қараша 06:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Трамп тағы бір мәрте Конгресс шешіміне вето қойды

2 210 просмотра


Трамп Конгресс шешіміне қарсы шықты. 

Дональд Трамп тағы бір мәрте Конгресс шешіміне вето қойды. АҚШ Конгресі осының алдында Йеменде соғысып жатқан Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштеріне әскери қолдау көрсетуді тоқтату шешімін шығарған еді. 

Аталған қарар осыдан бір ай бұрын Сенатта 46-қа қарасы 54 дауыспен қабылданған, ал екі апта бұрын Өкілдер Палатасында 247 өкіл мақұлдап басым дауыспен қабылданған шешім болатын. Президент Трамп Конгресс шешімі Құрама Штаттың ықпалын әлсіретеді деп қарайды.

Сенат пен Өкілдер палатасы аталған мәселені талқылап жатқан кездің өзінде, Ақ үй тарабы бұл шешімнің қабылдануына қарсы болған. АҚШ Конгресі журналист Хашоггидің өліміне және Йемендегі соғыстың жағдайына байланысты әскери қолдау көрсетуді тоқтату мәселесін қарастырған болатын. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

19 сәуір 2019, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.