Атырау, 28 қараша 06:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ресей Украинаға мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды

2 480 просмотра


Ресей Украинаға мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды. 

Сәуір айының 18-і күні Ресей үкіметі Украинаға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу жөнінде шешім шығарды. Премьер-министр Дмитрий Медведев үкіметтің бұндай қадамға баруын Украина тарапының Ресейге салған санкцияларымен байланыстырды. 

«Бірнеше күн бұрын Украинаның министрлер кабинеті Ресейден баратын бірқатар тауарларға шектеу қойды. Осыған орай біз өз мүддемізді қорғау мақсатында жауап ретінде осындай шешім қабылдадық. Біз бұдан бөлек Ресейге Украинадан келетін жеңіл өнеркәсіп, машина құрылысы, металл өңдеуге қатысты өнімдеріне тыйым саламыз. Былтырғы жылы аталмыш өнімдер бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 250 миллион доллар болған» - деп мәлімдеді Медведев. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

19 сәуір 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.