Атырау, 19 желтоқсан 07:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Грекия Германиядан өтемақы талап етпек

Бейнежазба
2 438 рет қаралды


Грекия Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елге келтірілген шығын үшін өтемақы талап етпекші. Себебі грек парламенті Алексис Ципрас үкіметінің бастамасын қолдаған қарар қабылдады.

Енді премьер-министр осы талаптарды негізге алып, Берлинге ресми хат жолдамақ. Ал парламент Германияның елге келтірген шығын көлемін 270 миллиард еуро деп есептеді. Себебі 1941-44-жылдар аралығында 300 мың грек қаза тауып, фашистік Германияға 476 миллион рейхсмарка төленген.

Бірақ ресми Берлин 1990 жылғы «2+4» келісіміне сүйеніп, репарация мәселесі толығымен шешілгенін айтады. Ол бойынша Германия Грекияға 115 миллион марка төлеген.


Дереккөз: 24.kz

18 сәуір 2019, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.