Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді

2 166 просмотра


Дональд Трамп президенттік сайлауға үміткерлерге қатысты пікір білдірді. Трамптың ойынша, президенттік сайлауда үміткер атана алатын екі адам ғана бар: оның бірі АҚШ вице-президенті Джо Байдена болса, екіншісі – сенатор Берни Сандерс. 

Дегенмен, Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында: «Бұл екеуі де АҚШ-тың қазіргі экономикасын дамытуға қауқарсыз» – деп, басты қарсыластарының бірін «жалқау», ал екіншісін «ұйқыбас» деп атады. Демократтар ұсынған Сандерстің жеке активінде 18 млн доллар бар. Ал Байдан сайлауға қатысатыны жайлы ресми мәлімдеген жасаған жоқ. 

2020 жылы Құрама Штаттарында өтетін президенттік сайлауға қазірдің өзінде жиырмадан астам адам өз кандидатурасын ұсынған. Мәселен, демократиялық партиядан жазушы Марианна Уильямсон, сена­торлар Кори Букер, Берни Сандерс, Камала Харрис, Өкілдер палата­сының мүшелері Тулси Габ­бард, Джон Делейни, экс-министр Хулиан Кастро ел басқаруға үмітті. Ал республикашылар партиясынан қазіргі президент Дональд Трамп, экс-сенаторлар Боб Коркер мен Джефф Флэйк, 1989-1993 жылдары АҚШ вице-президенті аппа­раты­ның басшысы болған Уи­льям Кристол және өзге де бес үміткер бар. 

Аталған екі ірі топтан бөлек, 1971 жылы құры­лған Америкадағы үшінші сая­си ұйым, яғни Либертариан партиясы да  өз үміткерлерін ұсынып отыр. Сарапшылардың болжауынша, Дональд Трамп пен губернатор Уильям Уэлд президент болуға басты үміткерлер қатарында. Еске сала кетейік, АҚШ-тағы кезекті президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. Ал қазір ел басқарып отырған Дональд Трамп елдің 45-ші президенті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

18 сәуір 2019, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.