Атырау, 17 қыркүйек 19:52
 дождьВ Атырау +25.7
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

​Нотр-Дам де Паридің шатырұшына сәулет байқауы жарияланды

2 309 рет қаралды


Нотр-Дам де Пари соборының шатырұшын қалпына келтіру мақсатында Франция халықаралық архитектуралық байқау жариялайды. Бұл туралы Францияның Премьер-Министрі Эдуар Филлип арнайы шақырылған министрлер кеңес қорытындысында мәлімдеді. 

Собордың шатырұшы 19-ғасырда, сәулетші Эжен Виолле-ле-Дюктің жобасы бойынша бой көтерген еді. Оның алдындағы шатырұшы 18-ғасырдың соңында, Француз революциясы кезінде алмастырылды. 

Естеріңізге салсақ, жексенбі күні шыққан алапат өрттің салдарынан Нотр-Дам де Пари шіркеуіне зақым келген. Шатырұшы опырылып, киелі жәдігердің 70 проценті жойылған. Франция Президенті Эммануэль Макрон жаһан жұртының көмегімен соборды алдағы бес жылда қалпына келтіруді көздеп отыр.  

Дереккөз: 24.kz

18 сәуір 2019, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.