Португалия үкіметі елде энергетикалық дағдарыс жариялады. Оған себеп – жанармай таситын көлік жүргізушілерінің ереуілі.
Салдарынан үлкен шаһарларда жанармай тапшылығы орын алған. Бекеттерде ұзын-сонар кезек. Ереуілшілер биліктен жалақыны көтеріп, еңбек шартын жақсартуды талап етіп отыр.
Бұл шарт орындалмайынша, қажетті жерлерге жанармай жеткізілмейді. Бүгінде елдегі 2000 жанармай бекетінің қорлары аяқталған. Кәсіподақпен жүргізілген келіссөздерден соң жүргізушілер аурухана мен әуежайларға жанармай жеткізуге келісті.
Дегенмен наразылық шарасы тоқтамай тұр. Әуе кемелері апатты қорларын қолдануға мәжбүр. Тіпті керосин жетпегендіктен, бір рейстің кейінге қалдырылғаны мәлім болды.
Дереккөз: 24.kz