Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Германияға іссапары барысында Германия канцлері Ангела Меркелмен кездесті.
Кездесу барысында екі ел үкіметі 10-нан астам құжатқа қол қойды. Сооронбай Жээнбеков Германияға сапарын қортындылады, оның айтуынша, кездесу сәтті өткен. "Біз осы сапар барысында қырғыз-неміс бизнес форумын өткіздік. Экономикалық байланысымызды одан әрі дамытып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Нәтижесінде, екі ел үкіметі мен ведомствосы арасында 10-нан астам құжатқа қол қойды. Сонымен бірге, екі елдің кәсіпкерлері де бірқатар келісімдерге келді. Олар құны 1 млрд еуроны құрайтын келісімге қол қойды", - деді қырғыз президенті. Сондай-ақ, ол Қырғызстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары сауда-экономикалық, гидроэнергетика, өнеркәсіп, жасыл экономиканы дамыту, ауыл шаруашылығы және туризм екенін атап өтті. Сонымен бірге, Қырғызстан үшін неміс инвестициясын тарту, шағын және орта бизнеске қолайлы орта жасау, ауыл шаруышылығын дамытудың мыңыздылығына тоқталды.
Дереккөз: qazaqtimes.com