«The Wall Street Journal» басылымының мәліметінше, ресми Анкара мен Уашингтон ресейлік С-400 зымыран жүйесіне байланысты келісімге келе алмаған.
Алдын ала болжам бойынша, Түркия С-400 зымыран жүйесін осы жазда қолданысқа енгізеді. Бұған дейін АҚШ Ресейдің С-400 зымыран жүйесі НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін айтып, қажет болған жағдайда алдағы уақытта Түркияға F-35 ұшақтарын сатуға тыйым салатынын мәлімдеген. Өз кезегінде Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын «F-35 ұшағын сатпау Түркияға ғана емес, АҚШ-қа да кері әсерін тигізетінін» айтып, Уашингтонды ондай қадамдарға бармауға шақырған.
Дереккөз: qazaqtimes.com