Атырау, 28 қараша 08:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Венесуэла әскер санын 1 миллионға жеткізбек

1 876 просмотра


Венесуэла президенті жыл соңына дейін үкіметіне қарасты әскер санын 1 миллионға жеткізетінін мәлімдеді. 

Ол бұндай мәлімдемені өткен аптаның соңында орталық қала Каракаста өткен шеру кезінде жасады. Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл жоспарды орындау үшін үкіметті қолдайтын халықтық жасақтың көлемін кеңіте түспек.  Ол сөзінде бұл халықтық жасақ үкіметті жақтап, мемлекетті қорғайды және елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге де күш салады. Халықтық жасақ бұрынғы президент Уго Чавес кезінде әскери саптан шегінген бұрынғы әскери қызметкерлерден жасақталған. Он мыңдаған мүшесі бар бұл топ үкіметті жақтаушы күш саналады. 

Бұған дейін де халықтық жасақтың мүшелері Николас Мадуро үшін соғысатынын жеткізген болатын. Бұл елде азаматтық соғыс болған жағдайда оның зардабы мен көлемінің әлде қайда зор болатынын білдіреді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

15 сәуір 2019, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.