Атырау, 25 қараша 08:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Марафон, келте етек киген еркек және арба итерген ана

Сурет Бейнежазба
4 701 просмотра

Бүгін, 14 сәуірде Атырауда 42 км, 21 км, 10 км, 3 км және 1,2 км қашықтықта жыл сайын ұйымдастырылатын "Atyrau Marathon 2019" жарысы өтті. Биыл спорт мерекесі Қазақстанның әр түкпірінен және басқа елдерден 3 мыңдай желаяқтың басын қосты.   

- Біз Атырауда осындай үлкен спорт мерекесі ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Бұл жолғы жарыс 3 мыңдай қатысушы жинап, бұған дейін өткізілген марафондардан ауқымды болды, - дейді ұйымдастырушылар.

Алғашқы үш қашықтыққа қатысу үшін ақшалай жарна салу керек. Содан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады. Барлық қашықтық бойынша бәйге Бейбарыс алаңынан басталып, осы алаңда мәреге жету керек. Салтанатты рәсімде жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, ал мәреге жеткендердің бәріне естелік алқа табысталды.

Марафонға қатысушылардың ең үлкені – 72 жастағы Амегульсин МУСЫЛМАНОВА, мүмкіндігі шектеулі желаяқтар арасында жеңіске деген жігері үшін петропавлдық 58 жастағы паралимпиадашы Олег СЫСОЛЯТИН марапатталды.

- Мен бүгін өзімнің 120-марафонымды жүгірдім. Осындай ауқымды шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, - деп бөлісті Олег Сысолятин.  

Дәстүрлі ерлер белдемшесі – килтемен жүгірген Шотландия азаматы мен арбада отырған сәбиімен бірге жүгірген ана көрген жанды сүйсіндірді.

Ерлер арасында 42 шақырым қашықтықта бірінші болып мәреге жеткен астрахандық 25 жастағы Базарбай ДАУТАЛИЕВ осымен үшінші рет қатарынан "Аtyrau Marathon 2019" жарысының абсолюттік жеңімпазы атанды. Әйелдер арасында Әмина ЗИНОРОВА үздік нәтиже көрсетті. Айта кету керек, Дауталиев «Atyrau Marathon» шарасында үнемі Атыраудың атынан қатысады.

- Көп дайындалдым, бірінші боп келетінімді білдім! – дейді Базарбай. 

- Ал келесі жылы қатысасың ба? 

- Әрине!


Фархад ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 сәуір 2019, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.