Атырау, 28 қараша 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ливияда қарулы қақтығыс өршіп барады

2 122 просмотра


Ливия астанасы Триполиде жауласқан топтар арасындағы қақтығыс басылар емес. Халифа Хафтар армиясының әскері мен Ұлттық келісім үкіметі арасындағы соңғы қақтығыстан 75 адам қаза тапты. 

Олардың ішінде бейбіт халық та бар. Тағы 300-ден астам адам жарақат алды. Жалпы шаһардағы атыс-шабыс кесірінен 13 мың 600-ден астам тұрғын өзге аймаққа кетуге мәжбүр болды. Елде гуманитарлық дағдарыс белең алып отыр. Ал жуырда Халифа Хафтар армиясының әскері Триполи маңындағы стратегиялық маңызы бар Айн Зара елді мекенін өз бақылауына алды.

Дереккөз: 24.kz

14 сәуір 2019, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.