Атырау, 28 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Лондонда Украина елшісіне жасалған шабуылды зерттеп жатыр

2 106 просмотра


Лондонда полиция Украина елшісінің көлігіне жасалған шабуылды зерттеп жатыр. Құқық қорғау орган өкілдері оқиғаны теракті ретінде қарастырмайды.

13 сәуірде Лондонда Украина елшілігі алдында елші отырған көлікке шабуыл жасалғаны хабарланды. Елшілік өкілдерінің айтуынша, көлікті соққан машина қару қолданбаған. Оқиға орнына жылдам жеткен полицейлер шабуылдаушыны ұстаған. Ұстау кезінде екі жақ атысқан, бірақ ешкім зардап шекпеген.

Лондон полициясы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қару қолдану бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған 40 жастағы ер адамның денсаулығын тексеру үшін полиция оны орталық ауруханаға жеткізген. Кейінірек оның жараланбағаны анықталды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

14 сәуір 2019, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.