Бразилиялық футболшы Пелеге Сан-Паулудағы ауруханада несеп жолына операция жасалды.
Globo Esporte порталының хабарлауынша, «Футбол короліне» несеп жолына операция жасалған. 78 жастағы әйгілі аяқ доп шеберінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Килиан Мбаппенмен болған кездесуден кейін өзін жайсыз сезінген Пеле Париж ауруханаларының біріне түскен болатын. Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) әлемнің үш дүркін чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. Бразилия құрамасы сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол салған.
Дереккөз: 24.kz