Атырау, 28 қараша 08:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Еуроодақ АҚШ тауарларына баж салығын салады

2 350 просмотра


Еуроодақ америкалық тауарларға құны 10 миллиард еуроға тең баж салығын салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. 

Шара Вашингтонның еуропалық өнімдерге кедендік салық енгізу туралы жоспарына қарсы жауап болмақ. Бірақ алдымен Еурокомиссияның жасаған тізімін Одаққа мүше елдер бекітуі тиіс. Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен сейсенбі күні Еуроодақтың «Эйрбас» компаниясын субсидиялағаны үшін ортақ аймақтан импортталатын тауарларға баж салығын салатынын мәлімдеген. Оның жалпы құны 11 миллиард долларға тең. Ал АҚШ-тың ЕуроОдақпен келіссөз жүргізушісі Роберт Лайтхайзер алым алынатын еуропалық тауарлардың тізімін жариялады.

Дереккөз: 24.kz

14 сәуір 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.