Атырау, 25 қараша 00:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген

3 117 просмотра


Жақында Теңіз кенішінде қызылшамен ауырған төрт жағдай тіркелді. Қызылшаға шалдыққан жұмысшы вахтаға келіп, сол жерде өзінің үш әріптесіне жұқтырып үлгерген. Сөйтіп төртеуі де емханаға түскен. Әрі қарай ауру таралмай, бұл жағдай бақылауға алынды, деп сендіреді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде.

Жыл басынан бері Атырау облысында 9 мың адам қызылшаға қарсы екпе салдырған.

- Доза жеткілікті – жыл басынан бері 16 мың адамға екпе егілді, тағы 15 450 дозасы жеткізіледі, - дейді денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Гүлжамал ТАУБАЕВА. – Вакцина екпе кабинеттерінде егіледі, медицина қызметкерлері тиісті аттестациядан өткен.

Фархат ӘБІЛОВ

13 сәуір 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.