Атырау, 22 желтоқсан 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

3 251 рет қаралды


Қазақстандық боксшы АҚШ-ғы төртінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеуді иеленді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте (АҚШ) мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылды. Уақытынан бұрын бірі біріне мықтылығын мойындата алған жоқ. Дегенмен Жәнібек ширақ қимылдап, қарсыласынан қарымды екенін алғашқы раундтардан-ақ байқатты. Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, бос болған екі бірдей чемпиондық белбеуді беліне тағынды.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-ғы төртінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеуді иеленді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Дереккөз: vesti.kz

13 сәуір 2019, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.