Атырау, 28 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ-Солтүстік Корея қайшылығы қайта күшеюі мүмкін

3 914 просмотра


11 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн Ақ үйде кездесіп, Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасындағы ядролық келіссөз және дипломатияны қалай қалпына келтіру мәселесін талқылады. Бұл туралы  VOA жаңалықтар қызметі хабарлаған болатын.

Бұған дейін АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен екі мәрте келіссөз кездесуін өткізген болатын. Биыл ақпан айында өткен екінші реткі саммит жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды, әрі тараптар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады. Себебі, Солтүстік Корея тарабы өздеріне бағытталған санкцияларды алып тастауды талап етсе, Құрама Штат делегациясы КХДР-ға ядролық қаруынан бас тарту талабын қойған. 

Мүн Жайн бұған дейін де Корей түбегін ядролық қарусыздандыру ісін біртіндеп жүзеге асыру, ол үшін АҚШ-Солтүстік Корея диалогін дамыту, тіпті кейбір санкциялық қысымдарды жеңілдету жобасын қолдап келген. Шын мәнісінде, бұл Оңтүстік Корея президентінің алдында тұрған ең үлкен дипломатиялық мәселе. Яғни, қазіргі кезде АҚШ-КХДР арасында келіссөз дағдарыстары мен қиындықтары күшейе түскен кезең.

АҚШ-тың CNN арнасы бұл туралы сараптауында, Солтүстік Корея басшысы қазір әр түрлі мүмкіндіктерді салмақтап қарап, өзінің ықпалын қалпына келтіретін жолдарды қарастырып жатыр деген болжамды айтады. Айталық, спутниктерді іске қосу, түрлі арандату әрекеттер арқылы Құрама Штаттармен шиеленісті күшейту арқылы өз ықпалын арттырғысы келеді деп қарайды.

Жақында Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі Ким Жоң Унның мәлімдемесін жариялады. Ол мәлімдемесінде: «Солтүстік Корея санкция қысымдарына төтеп бере алады», – деген. Бұл оның екінші реткі «Трамп-Ким саммитынан» кейінгі алғаш рет жасаған мәлімдемесі.

Бұл қалайда Солтүстік Кореяның келесі қадамдарға дайындалып жатқанынан дерек береді. Оның өзі алдағы уақытта АҚШ-Солтүстік Корея арасындағы қайшылық немесе келіссөздердің қайта жанданатынын аңғартқандай.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

12 сәуір 2019, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.