Атырау, 28 қараша 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Австрия банкінің 11 АҚШ доллары Албания әуежайында ұрланды

2 364 просмотра


Қылмыстық топ небары 3-4 минутта соншалық көп қаржыны ұрлап кеткен. Сейсенбі күні қарулы қылмыстық топ Албания әуежайына 11 млн АҚШ доллары тиелген ұшақты тонаған. 

Полициямен атыс кезінде қылмыстық топтың басшысы оққа ұшқан. Оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт 15:00 шамасында болған. Бұл уақытта Австрия банкінің дипозиттерін тасымалдаушы ұшақ Аблания әуе жайынан Вена бағытына ұшуға дайындалып жатқан. «Калашников» автоматымен қаруланған топ әуежайдың есігін жүк көлігімен бұзып кіреді. Олар әуежай қызметкерлерін қорқытып, ұшақтың жүк сақтау бөлмесін аштырған. Қылмыстық топ 3 адамнан құралған, олар қысқа ғана 3-4 минут ішінде ұшақтағы ақшаны көліктеріне тиеп қашып кеткен. Жолда полицейлермен атыс болып, топ басшысы оққа ұшқан.   Албанияның Ұлттық банкінің несиелерді нақты ақшамен қабылдамайтын ережесі бар. Сондықтан да елдегі шетелдік банктер нақты ақшаны ұшаққа тиеп, елден шығарып кетуге мәжбүр. Венаға бағыт алған ұшақ Австрия банкінің депозиттерін алып кетпек болған. Полицияның мәліметіне қарағанда қылмыстық топ ұшаққа тиелген ақшаның нақты көлемін хабары бар. Албанияның ақпарат агенттіктері оққа ұшқан қылмыс күмәндісін Адмир Муратаж деп атаған. Ал, полиция қызметкерлері қашып кеткен екі күдіктінің де аты-жөнін анықтады. Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер полицейлерден алыстағаннан кейін жүк көліктерін өртеп, велосипедпен қашып кетеді. Еуропаны дүрліктірген бұл оқиғадан кейін ғана Албанияның ұлттық банкі Австрияға нақты ақша тасуды тоқтату шешімін жариялаған. Бұл елдегі ұйымдасқан қылмыстық топтар бұған дейін де Венаға бағытталған ұшақтарға шабуыл жасаған. 2016 жылы әуежайда 1 млн евро ұрланса, 2017 жылы ақпанда қылмыскерлер 3,6 млн долларды ұрлап кеткен. Дегенмен, полиция тарабы бұл ақшалардың аз бөлегін жертөледе жасырылған жерінен тауып алған. Бұл қылмыстардың көбі дерлік әлі толық ашылмаған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

12 сәуір 2019, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.