Атырау, 19 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Түркия АҚШ-тың әскери техникасынан бас тартуға дайын

1 736 рет қаралды


Ресей Түркияға екінші қорғаныс техникасын сатып беруге дайын. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Түркиямен S-400 зымыран қорғаныс жүйесі туралы жаңа келісім жасауға дайын екенін жеткізді. 

Осыдан бұрын түрік СІМ басшысы Мевлут Шавушоғлу Ресейге жасаған сапары кезінде Түркияның Ресейлік S-400 қорғаныс жүйесінен тағы біреуін сатып алу жоспарының бар екенін айтқан. Кремль өкілі ресми мәлімдемесінде Ресей тарабының қорғаныс техникасын сату-сатып алудың екінші келісімін жасауға дайын екенін айтты. «Ресей тарабы аталған ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктерді қарастыруда. Әрине, бұл қалыпты ынтымақтастық қадамы», – дейді Дмитрий Песков. Түркиялық «Анадолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Түркия үкіметі F-35 ұшақтарының мәселесі туралы да бір шешімге келген. Егер Құрама Штаттар Түркияға жеткізілуі тиіс жауынгерлік ұшақтарды тоқтататын болса, осыған балама ретінде өзге елден ұшақтар сатып алуға дайын екенін білдірген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

12 сәуір 2019, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.