1 сәуірде Мұз сарайында «Бейбарыс» (Атырау) және «Номад» (Нұр-Султан) командалары арасында хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық плей-оф сериясының бесінші матчы өтті. Аса тартысты өткен ойында алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Осы күнге дейін серияда «Бейбарыс» 3:1 есебімен алда келе жатқан. Міне, кешегі жеңіс төртінші болып, чемпион атағын әкелді.
Бұған дейін командамыз Қазақстан чемпионатында 2011, 2012 және 2016 жылдары бас жүлде алған еді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ