«Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі хабарлағандай, ереуіл сәрсенбі күні таңертең мемлекеттік және жекеменшік секторларда басталған.
Атап айтқанда, әуе диспетчерлері жергілікті уақытпен сағат 10-нан 13-ке дейін жұмыс істемейді. «Элефтериос Венизелос» халықаралық әуежайының ақпаратына қарағанда, 15 келу және 15 ұшу рейсі кейінге шегерілді. Ереуілге сондай-ақ теміржол мен жолаушы кемесінің қызметкерлері де қосылды, олар теміржол және кеме байланыстарын бір тәулікке тоқтатты. Сонымен қатар елдегі мұражайлар мен археологиялық ескерткіштер бейсенбі күні ғана ашылады. Көптеген мемлекеттік мекемелер, дүкендер, банктер мен университеттер жабық тұр, нотариустар мен метеорологтар жұмысқа шықпады, БАҚ жаңалықтар шығарылымын 4 сағатқа тоқтатты. Қазіргі таңда грек полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Айта кетейік, ереуілге шығушылар мемлекеттік сектордағы шығындарды қысқарту жөніндегі әзірленіп жатқан шаралардан бас тартуды талап етуде.